Көкшетауда азық-түлік дүкені мен наубайхана өртенді
Көкшетауда азық-түлік дүкені мен наубайхана өртенді
208
оқылды
Көкшетау қаласының Абылайхан даңғылында орналасқан дүкеннен өрт шықты. ҚазАқпарат тілшісінің мәліметінше, бұл ғимаратта азық-түлік дүкені мен наубайхана орналасқан. Өрт наубайхана тұсынан шығып отыр. Қызыл жалын ғимараттың қабырғасын шарпыды. Бастапқыда дүкен қызметшілері тілсіз жауды өз күштерімен ауыздықтауға тырысты. Кейін оқиға орнына өрт сөндіру бригадасы жетті. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт бүгін сағат 13:17-де Абылай хан, 9А мекенжайы бойынша орналасқан дүкенде болған. Оқиға орнына департаменттің жеке құрамынан 13 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы жөнелтілді. Адамдар аман.