Алматылық «бәрін шешкіш» әйелді полиция қолға түсірді
Алматылық «бәрін шешкіш» әйелді полиция қолға түсірді
280
оқылды
Алматылық 43 жастағы әйел әлеуметтік баспана алу кезегін «жылжытуға», сонымен қатар банктен қайтарымсыз несие алуға көмектесуге  уәде берген. Ол тіпті қылмыстық тергеу барысына ықпал ете алатынын айтып,  жұрттың сеніміне кірген. Бұл, әрине, өтірік болып шықты. Алаяқ келіншекті  полицейлер қолға түсірді. Бұл жайында orda.kz жазды. «Бүгінде біздің бөлімшенің  үш адамы осы іс бойынша  жұмыс істейді. Алаяқтығына көзі жеткен жұрт азаматша Б. жөнінде  ішкі істер органдарына жүгінді. Қамау түріндегі тергеу мерзімінде бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілетін болады. Бұл ретте басқа да ықтимал зардап шеккендерді анықтау жұмыстары қатар жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Думан Аухадиев. Полиция қызметкерлері азаматша Б-ның заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтар мына телефондар арқылы хабарласа алатынын мәлімдеді: 254-47-01; 254-47-02 және 8-702-160-06-34.