Партия халықтың сөзін сөзін сөйлейді, Президенттің тірегі болып қала береді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын ауылдағы, аймақтағы ағайынға жеткіземіз. Ой-мақсатымыз да билік пен халық арасындағы алтын көпір болып қалу. Мұның нақты тетіктерінің бірі – орталықсыздандыру процесі. Бұл дегеніміз Жаңа Қазақстан, Екінші Қазақстан тұжырымдары тек елордада ғана, Қазақстанның барлық аумағында жүзеге асуы тиіс. Мұны AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов «Үш сұрақ» бағдарламасында айтты.