Алматы зообағында екі жігіт қоршаудан өтіп, жолбарысқа тиіскен
Алматы зообағында екі жігіт қоршаудан өтіп, жолбарысқа тиіскен
214
оқылды
Алматыда екі жігіт тақтайшаларда жазылған ескертудерді елемей, қорғаныс қоршауларынан аттап, техникалық аумаққа кіріп, қоршаудағы жолбарысты ызаландырған. Бұл туралы хайуанаттар бағының Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
 «Өкінішке қарай, қауіпсіздік қызметкерлері хайуанаттар бағының әр бұрышында тұра алмайды. Өйткені, зообақ аумағы үлкен - 21 га. Біз жануарларға осындай дөрекі іс-әрекеттер жасалғанын қаламаймыз. Қазіргі уақытта осы мәселе жан-жақты қарастырылып жатыр. Кінәлілер міндетті түрде жазасын алады», - делінген хайуанаттар бағының Instagram парақшасында.
Олар жыртқышқа әлдебір заттарды лақтырып, мазасын алып, зообаққа келуші басқа адамдарды балағаттаған.