Алматыда оқушы қызды көлік қағып кетті
Алматыда оқушы қызды көлік қағып кетті
207
оқылды
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 14 мамыр күні сағат 12:25 шамасында болды. «Subaru» көлігінің жүргізушісі Масанчи көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жібек жолы көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінде 2010 жылы туған қызды қағып кетті.
«Оқушы қыз дене жарақатымен Алматы қаласының №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Бұл фактіні Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріп жатыр», – деді Алматы қалалық полиция департаменті тергеу бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов.