Синоптиктер 15 мамырда тәулік бойы қатты жаңбыр жауып, кей уақытта найзағай ойнайтынын, бұршақ болатынын ескертті.
"Батыстан жел соғып, найзағай кезінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, жауын-шашын кезінде ғимараттар мен үй-жайлардан мүмкіндігіңізше шықпаңыз! Көліктерді ағаштардың астында қалдырмаңыз!", - делінген хабарламада.Ал Алматы тауларында 14 мамырда күндіз, 15 мамырда тәулік ішінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болатынын хабарлады.
"Солтүстік-батыстан найзағай кезінде жел секундына 15-20 метрге дейін, 15 мамырда екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Тауға шықпауларыңызды сұраймыз! 112 ескертулер мен медиа, теледидар, радиохабарларын мұқият тыңдаңыз!", - деді ТЖД өкілдері.