Жұмада қайтыс болған шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның інісі Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңа президенті сайланды. «Абу-Даби шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті қызметіне кірісті», деп жазылған ресми хабарламада. Ол - Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаушы тұлғаның үшінші ұлы. 13 мамырда БАӘ Президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян дүние салды. Ол жер бетіндегі ең бай адамдардың бірі болған еді.