Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 16 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстіктен батысқа ауысады, облыстың шығысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Нұр-Сұлтан қаласында 16 мамырда кей уақыттарда найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 16 мамырда Қарағанды облысының батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 16 мамырда Алматы облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде күші 15-20, Жалаңашкөл ауданында екпіні 24-29 м/с. Маңғыстау облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. 16-17 мамырда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай болып, дауыл соғады.