Әлем чемпионаты: Дина Жоламан канадалық қарсыласын жеңіп, ширек финалға шықты
Әлем чемпионаты: Дина Жоламан канадалық қарсыласын жеңіп, ширек финалға шықты
Фото: yandex.kz
320
оқылды
Қазақстандық боксшы Дина Жоламан Стамбұлда (Түркия) өткен 2022 жылғы әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда ол канадалық Скарлетт Дельгадомен кездесті. Жекпе-жек Жоламанның жеңісімен аяқталды. Осылайша, Дина Жоламан 2022 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, бұған дейін Қазақстаннан Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (70 келі) және Гүлсая Ержан (81 келі) сынға түсті. Айта кетейік, Дина Жоламанның әуесқой мансабындағы басты жетістік – 2016 жылғы Әлем чемпионатының "алтыны".