Екібастұзда қаруланған ер адам тұрғындардың үрейін ұшырды
Екібастұзда қаруланған ер адам тұрғындардың үрейін ұшырды
183
оқылды
Екібастұзда көпқабатты үйлердің бірінде шолақ мылтықпен аулада жүрген ер адам тұрғындарды шошытты. Ер адам көппәтерлі үйдің ауласында шолақ мылтық ұстап жүргені жайлы видео жарияланды. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсталған ер адам 33 жаста екенін хабарлады.
"Ер адамнан бір ұңғылы аңшылық мылтық пен 16 калибрлі 2 патрон тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Сараптама нәтижелері бойынша процестік шешім шығарылады. Полиция тексеру жүргізіп жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.