Әлем чемпионаты: 6 боксшы қыз ширек финалға өтті
Әлем чемпионаты: 6 боксшы қыз ширек финалға өтті
Фото: kaz.vesti.kz
398
оқылды
Қазақстан құрамасының барлық өкілі Стамбұлда (Түркия) өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында жекпе-жек өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша әлем біріншілігінің ширек финалына алты спортшы шыға алды: Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (70 келі) және Гүлсая Ержан (81 келі). Сондай-ақ қазақстандық әйелдер арасындағы  ӘЧ-2022-де: Назым Қызайбай (50 кг), Римма Волосенко (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Дариға Шәкімова (66 кг), Надежда Рябец (75 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) жарыстарын мерзімінен бұрын аяқтады. Сондай-ақ турнирде IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) туымен Fair Chance Team командасын жақтаған Ангелина Лукас (52 кг) жеңіліп қалды.