Бокстан әлем чемпионаты: ширек финалдағы жекпе-жек кестесі жарияланды
Бокстан әлем чемпионаты: ширек финалдағы жекпе-жек кестесі жарияланды
Фото: sports.kz
Дүйсенбі, 16 мамырда қазақстандық спортшылар Стамбулда (Түркия) бокстан 2022 жылғы әйелдер чемпионатында ширек финалдық жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлайды Sports.kz. Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталатын күндізгі сессияда бес қазақстандық, кешкі сессияда (21:00) - бір қазақстандық өнер көрсетеді. Жекпе-жек  кестесі мынадай: 16 мамыр Күндізгі сессия 48 кг. Алуа Балқыбекова — Ниту (Үндістан) 52 кг. Жайна Шекербекова-Олена Савчук (Италия) 57 кг. Карина Ибрагимова-Микаэла Уолш (Ирландия) 70 кг. Валентина Хальзова-Кэй Скотт (Австралия) 81 кг. Гүлсая Ержан-Габриэле Стонкуте (Литва) Кешкі сессия 54 кг. Дина Жоламан-Елена Зекич (Сербия).