БҚО ауылдарының бірінде сиырларды қарсы алуға шыққан бала үйіне қайта оралмаған. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, 14 мамырда сағат 22.30 шамасында Бәйтерек ауданы, Дарьинское аулында 2010 жылы туған бала үйінен шығып кетіп, оралмаған. Бала сиырларды қарсы алуға шыққан. Телефонын алып кетпеген. Көп ұзамай ауылда жоғалған баланы іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды - Приуральное полиция бөлімінің қызметкерлері, ҰҚКД шекара заставасының әскери қызметшілері және Дарьинское аулы өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмылды.
"Таңғы сағат бесте полицейлер баланы тапты. Тірі, ешбір зақым жоқ. Ол үйіндегі шөпқорада ұйықтап қалған", - деді полицейлер.