Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Ресей Президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге келді», - делінген хабарламада.
Ұйымның іс-шарасы ертең, 16 мамыр күні Кремльде өтеді.