Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Францияға есе жіберді
Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Францияға есе жіберді
145
оқылды
Шайбалы хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші кездесуінде Франциямен кездесу өткізді. Кездесуде Валерий Орехов 5-минутта Қазақстанды алға шығарды. Екінші кезеңде франциялық құраманың белсенділігі аңғарылды. Нәтижесінде Александр Тексье 32, Флорьян Шакиашвили 39-минутта мергендік танытты. Осылайша Қазақстан хоккейшілері Францияға 1:2 есебімен есе жіберді. Қазақстан келесі ойынын 17 мамыр күні Нұр-Сұлтан уақытымен 23:20-да Швейцарияға қарсы өткізеді.