Бүгін ауа райы құбылмалы болады. Найзағай, жаңбыр, солтүстік-батыста нөсер жаңбыр күтіледі. Тек елдің оңтүстігі мен орталығында антициклон әсерінен ауа райы ашық болады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста дауыл, бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста, шығыста тұман сақталады. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай болжанады. Найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 24-29 м/с күшейеді. Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с артады. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Өңірдің шығысында, солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с артады. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ, 15-20 м/с жел соғады. Күндіз Маңғыстау облысының батысында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде жел 15-20 м/с артады. Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, тұман болжанады. Желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Батыс Қазақстан облысында найзағай, 15-20 м/с кекпінде жел болжанады. Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қарағанды облысының батысында желді күші 15-20 м/с жетеді.