Текеліде лай көшкінінен зардап шеккендерге баспана беріледі – Бозымбаев
Текеліде лай көшкінінен зардап шеккендерге баспана беріледі – Бозымбаев
Фото: ТЖМ-нен алынды
208
оқылды
Алматы облысы Текелі қаласында лай көшкінінен зардап шеккендерге баспана беріледі. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Twitter-дегі парақшасында жазды. «Бүгін Текеліде лай көшкіні жүрді. Өкінішке қарай, 2016 жылы туған қыз бала қаза тапты. Марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Бірнеше жекеменшік тұрғын үй бүлінді. Жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге баспана беріліп, көмек көрсетіледі», – деді әкім. Бұған дейін Текеліде лай көшкіні болғанын хабарлаған болатынбыз.