Қазақстанда санда бар, санатта жоқ жастардың үлесі қанша?

Қазақстанда санда бар, санатта жоқ жастардың үлесі қанша?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл бірінші тоқсанда Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде, 6,7 млн адам жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Жалпы, жұмыспен қамту былтырмен салыстырғанда 35,1 мың адамға, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер есебінен 30,8 мың адамға өсті. Толық жұмыспен қамтылмағандар саны – 254 мың адам. Жұмыссыздар саны (ХЕҰ әдістемесі бойынша) – 453,1 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі – 4,9%. Ол өзгеріссіз қалды. Жұмыссыз жүрсе де оны іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын болмаған адамдар (потенциалды жұмыс күші) саны – 63,1 мың. 15-28 жастағылар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 3,9%, NEET жастарының жұмыссыздығы, яғни білім алумен немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын жастардың үлесі – 6,7%. Биыл сәуірдің соңында 193 мың адам жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде ресми түрде тіркелді.