Актер Сағат Жылгелдиев дүние салды, – деп жазады inform.kz. Cағат Ермағамбетұлы Жылгелдиев 1954 жылғы 12 желтоқсанда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққыр ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Ерен еңбегі үшін медалінің иегері. Сағат Ермағамбетұлы Қазақ драма театры жанындағы театр студиясын, Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін бітірген. Ол еңбек жолын 1977 жылы Талдықорған қаласындағы облыстық Бикен Римова атындағы драма театрында бастады. 1997 жылдан бері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері болды.