Павлодарда бір жасар қыз 9-қабаттан құлап кетті
Павлодарда бір жасар қыз 9-қабаттан құлап кетті
Фото: news.myseldon.com
Павлодарда кішкентай қыз 9-қабаттан құлап кетті. Ауыр жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, – деп жазады Pavlodarnews.kz. Оқиға Толстой көшесіндегі 90-үйде болды. Қыз тоғызыншы қабаттан дүкеннің шатырына құлаған. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға кататравма, ауыр бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, травматикалық шок диагнозы қойылған.
«Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр. Ол инотропты қолдау және өкпені жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», – деді дәрігерлер.
Бұған дейін астанада 8-қабаттан құлайын деп қалған қызды көршісі аман алып қалған еді.