«Әрқайсысы 150-200 мың теңге берген» – жұмыс іздеген 16 тұрғынды алдаған алаяқтар ұсталды (видео)
«Әрқайсысы 150-200 мың теңге берген» – жұмыс іздеген 16 тұрғынды алдаған алаяқтар ұсталды (видео)
Фото: Видеодан скриншот
173
оқылды
Қызылорда облысында жұмыс іздеген 16 тұрғын алаяқтың арбауына түсіп қалды, – деп жазады Polisia.kz. «Теңіз» кен орнына жұмысқа орналастырамыз» деп 16 тұрғынды алдап соққан алаяқтар ұсталды. Жәбірленуші 16 тұрғын 7 мамырда Байқоңыр полициясына арызданған. Биыл наурыз-сәуір айларында екі азаматша WhatsApp мессенджері арқылы «топ құрамында ақшалай сыйақымен Атыраудағы Теңіз мұнай компаниясына жұмысқа орналастырып береміз» деп сенімге кіріп, әрқайсысынан 150-200 мың теңгені Kaspi Gold-қа аудартып алған. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі үш миллион теңгеге жуық. Полицейлер екі күдікті азаматшаны анықтап, ұстады. Екеуі де Қызылорда облысының тумасы.   https://youtu.be/k39Pzj8hexM Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.