Ақтауда сарбаз қашып кетті
Ақтауда сарбаз қашып кетті
Фото: khabar.kz
Ақтауда 6656 әскери бөлімінен сарбаз қашып кетті, – деп жазады Lada.kz. Бұл ақпаратты Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімі растады. 18 жастағы  сарбаз Бағлан Әділбеков 14 мамырда түнгі сағат 22:55-те 4-шағынауданды бақылау кезінде кетіп қалған. «Ұлттық ұлан» деген жазуы бар форма, қара түсті аяқкиім киген. Бойы – 160-170 сантиметр. [caption id="attachment_196391" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: Lada.kz[/caption] Бұған дейін Жамбылда қайтыс болған сарбаздың өліміне күдіктінің анасы араша сұрағанын жазған болатынбыз.