Екібастұзда жаттықтырушы есірткі таратумен айналысқан
Екібастұзда жаттықтырушы есірткі таратумен айналысқан
Фото: m.azh.kz
153
оқылды
Екібастұзда фитнес орталықта жаттықтырушы болып жұмыс істейтін ер адам есірткі таратумен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полицейлер Екібастұзда синтетикалық есірткі таратқан жаттықтырушыны ұсталды. «Жедел іздестіру нәтижесінде, Павлодарда спорт клубында жаттықтырушы болып істейтін ер адам ұсталды. Ол автокөлігімен тыйым салынған заттарды өткізгені анықталды. Тексеру нәтижесінде, 29 жастағы жас жігіт пен оның 19 жастағы серіктесінен 47 грамм гашиш және 52 грамнан астам синтетикалық есірткі табылды. Күдіктілердің жеделхат мессенджерін пайдалана отырып, синтетикалық есірткі таратқаны анықталды», – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мәлік Оңғарбаев. Екі күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.