Қазақстанда 25 адам суға батып кетті – ТЖМ
Қазақстанда 25 адам суға батып кетті – ТЖМ
Фото: sputniknews-uz.com
347
оқылды
Суға шомылу маусымында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов айтты. Бүгінгі таңда елімізде шомылуға рұқсат етілген 490 орын анықталды, оның ішінде 187 коммуналдық және 287 жеке жағажай. 16 орын бойынша нақты иелерін бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанда азаматтар шомылу және демалу үшін пайдаланатын 50 мыңнан астам су айдыны бар. ТЖМ құтқару бөлімшелері тәулік бойы 490-нан астам құтқарушы қызмет атқаратын азаматтар пайдаланатын су айдындарының 125 учаскесін бақылайды. Биыл министрліктің 45 мобильді құтқару бекеті қойылады. Бұдан басқа, әкімдіктермен және су маңындағы демалыс орындарының иелерімен бірлесіп министрліктің жедел-құтқару жасақтарында даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушылар есебінен 316 объектілік құтқару бекеттері жабдықталады. Алдын алу жұмыстары аясында еліміздің су айдындарында 7 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды.  Бүгінгі күні, өкінішке қарай, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан адамдардың қаза болу фактілері тіркелді, 25 адам, оның ішінде 3 бала суға батып кетті. Коммуналдық және жеке жағажайларда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін 104 медициналық пункт жұмыс істеуге дайындалып жатыр.