Қаңтар оқиғасы: Қызылордада полиция ғимаратына шабуыл жасаған 3 адам ұсталды
Қаңтар оқиғасы: Қызылордада полиция ғимаратына шабуыл жасаған 3 адам ұсталды
162
оқылды
Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасаған үш адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
«Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полиция прокуратура органдарымен бірге 5 қаңтарда адамдар тобы болып жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратына атыс қаруын қолданып, қарулы шабуыл жасаған Қызылорданың үш тұрғынын ұстады. Олар қамауға алынды. Ұсталғандардан қару тәркіленді»,- делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру әрекеттері жалғасып жатыр.