Арыстанбек Мұхамедиұлы елордадағы екінші қалалық ауруханаға түсті. Бұл туралы
Телеграм-арнасы хабарлады."Ақпарат расталды. Арыстанбек Мұхамедиұлы аяғының ауруына байланысты қалалық екінші ауруханада жатыр. Оның баспасөз хатшысының айтуынша, тамырын кескені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.Бұған дейін желіде Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне қол салғаны туралы жалған ақпарат тараған болатын. Кейін экс-министрдің өз парақшасында қазақстандықтарға жасаған мәлімдемесі жарияланды.