«Реал Мадрид» Мбаппемен жуырда келісімшарт жасай ма?
«Реал Мадрид» Мбаппемен жуырда келісімшарт жасай ма?
262
оқылды
«Реал Мадрид» ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппемен келісімшарт жасасуға жақын. Журналист Джанлука Ди Марцио Twitter парақшасында мадридтік клуб франциялық шабуылшыны биыл жазда қатарға қосатынын хабарлады. Испаниялық клуб Мбаппемен 5 жылдық келісімшарт жасасуға келісті. Ойыншы әр маусымда салықтан тыс 25 миллион еуро (салықты қоса есептегенде 50 миллион еуро) жалақы алып отырады. Сондай-ақ футболшыға келісімшартқа қол қойғаны үшін 100 миллион еуро бонус беріледі. Осылайша, Мбаппе мадридтік клубтағы ең көп жалақы алатын ойыншы атанады. Қазіргі кезде бельгиялық жартылай қорғаушы Эден Азар «Реалда» ең көп табыс табатын футболшы саналады.  Ол жылына 14,5 миллион еуро алады.