Белгілі актер Сағат Жылгелдиевтің өмірінің соңғы сәтін көрсетті

Белгілі актер Сағат Жылгелдиевтің өмірінің соңғы сәтін көрсетті

Белгілі актер Рахман Омар әріптесі Сағат Жылгелдиевтің қалай қайтыс болғанын еске алып, оған жазба арнады. 

"Жалған дүние-ай... Кім ойлаған? Той үстінде өзіне тән аңғалдығымен, кең пейіл көңілімен, дархан мінезімен, ортамызда балаша билеп жүрген асыл ағамыздан бір сәтте айырылып қаламыз деп кім ойлаған?! Жүрегім езіліп отыр... Дел-сал күйдемін... Тірі жанға жаманшылығы жоқ, басқаның қуанышында өз тойында жүргендей жүрүші еді. Жасы бізден біраз үлкен болса да, өте ширақ, қимылы көз ілеспейтіндей жылдам еді... Қайран ағам-ау, қайтейін?! «Әй, Сағат!» деп құрдасымдай ойнаушы ем... Енді кімге еркелеймін?! Орның ойсырайды ғой, көкешім-ау... Көз алдымызда кетіп қалдың-ау... Жаның жәннатта шалқысын, аға-ау... Біз сізді ешқашан ұмытпаймыз. Билеп тұрып жүрегі тоқтап қалды. Қайтар алдында 10 минут бұрын түсірілген видео", – деп жазды ол.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Рахман Омар (@rakhmanomar)