Шымкентте көріпкел алаяқтар 4,5 млн теңгенің алтынын ұрлап кеткен
Шымкентте көріпкел алаяқтар 4,5 млн теңгенің алтынын ұрлап кеткен
Шымкенттік екі тұрғын алаяқтық құрбаны болды. Екі оқиғада да қайыршының кейпіне енген алаяқтар бағалы заттарды қолды еткен. Есікті ашқан тұрғындарға үйлерінде дуа бар екенін айтқан күдіктілер тез арада үйді тылсым күштен тазарту керектігін жеткізген. Айтқанына сенбегендерді қайғы-қасірет келетінін айтып қорқытыпты. Ал, келісім бергендеріне алтын, күміс секілді бағалы заттарын алдырып, тазартатынын жеткізген. Содан зергерлік заттарды қолына ұстаған күйі үйді айнала жүріп, біраз уақыттан соң ізін суытқан. Жалпы келген шығын көлемі - 4,5 млн теңге.
«Аталған іс бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары бейнебақылау камерасы арқылы күдіктілер отырған такси жүргізушісін тапты. Сол арқылы күдіктіні тұрғылықты жерінен ұстады» делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.