Үйі жоқтың күйі жоқ екені рас
Үйі жоқтың күйі жоқ екені рас
254
оқылды
«AMANAT» партиясының рес­пуб­ли­калық қоғамдық қа­былдауына Шым­кент қа­ла­сы­ның тұрғыны, 2 топ­тағы мү­­­­­гедек баланың анасы Жә­нел Жұмалинова арызбен кел­­ді. Ол елуге тарта адам­мен бірге «Нұрлы жол» бағ­­­­дар­­ламасының 7-20-25 ба­ғы­ты бойын­ша несиелік үй кон­кур­сына қа­тысқан екен. 2022 жылдың 21 сәуір күні «Шым­кент қа­лалық Тұрғын үй ба­с­қармасы» ММ-ның ресми Instagram парақшасында конкурсқа қатысушылардың толық тізімі жа­рияланған. Бірақ тізімде Шым­кент қаласы әкімдігіндегі бірнеше ше­неуніктердің аты-жөні жүрген­дік­тен ол әлеуметтік желіде қатты шу­ға айналған. Осы кикілжіңнен кейін Индустрия және инф­ра­құры­лымдық даму министрлігі (ИИДМ) әкімдікке аталған кон­курстың заңсыз екенін және ол үй­лерді салымшылар мен кезекте тұр­ған­дарға пәтер тарататын «От­басы банк» АҚ-на беруі қа­жет­тілі­гін айтып хат жолдады. – 7-20-25 бағыты бойынша пә­терге 900 үміт­кер болдық. Олар­дың ішінде көпбалалы ана­лар да, мү­гедектер де, жесірлер де, білім, ден­­саулық сақтау саласының ма­мандары және тағы басқалар бар. Біз сияқтылар нақ осы конкурсқа үлкен үміт артып келдік, соң­ғы тиы­нымызды санап салдық, біреу­лер не­сиеге белшесінен батты. Олар­дың түгелі дер­лік бағдар­ла­ма­ның әріптесі – банктердің ал­­дын ала мақұлдауына ие болды. Сөй­те тұра, әкім­дікке ИИДМ-тің нұс­қауы бойынша үміт­керлердің тізі­мін жоюына тура келді, – дейді Жә­нел Жұмалинова жанары жасқа то­­лып. Ол кісінің өзі – Отбасы және ха­лықты әлеуметтік қорғау бойын­ша республикалық қоғамдық кеңес­­­­­тің мүшесі, балаларға арнал­ған balatimes.kz. ақпараттық пор­тал­дың құрушысы. Жақында Жәнел Жұмалинова сая­си ұйымның республикалық қо­ғамдық қа­был­дауында Мәжіліс депутаты, «AMANAT» пар­тиясы фракциясы­ның мүшесі Динара Зәкиевамен кез­­десті. Сондай-ақ партия жа­нын­­дағы Отбасы, әйел және ба­ла­лар құқын қорғау жөніндегі кеңес­ке жүгінді. – Мен инклюзивті ерікті ре­тін­де көп­ба­лалы және ерекше мұқ­таждықты қажет ететін бала­лар­ды тәрбиелеп отырған отба­сы­лар­дың проблемаларын күн сайын кө­­ріп, біліп жүрмін. Олардың қан­­дай жағдайда өмір сүріп жат­қа­нын білемін: ол 8-9 адам тұра­тын жалға алған бір бөлмелі пәтер не­месе қаланың сыртындағы жылу жа­ғыл­май­тын және басқадай да қолай­лы­лығы жоқ үйшік болуы мүм­кін. Бұл отбасы­лар­дың табысы тым төмен. Мұндай отба­сы­лар бас­­пана кезегінде қанша жыл тұр­са да, ипо­теканы ала алмайды, – деп Жәнел ащы шын­дықты жаны қинала жеткізді. Жәнел Жұмалинова азамат­тар­дың бар­лық әлеуметтік топ­та­ры үшін кез келген ком­мерциялық банк арқылы жеңілдікпен ипо­тека берілуі қарастырылсын деген ұсы­ныс айтып, Президенттің атына үн­деу жол­дады.