Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы – Президенттің қызметіне кіріскеннен бастап қолға алған демократияға ұстанған бағыты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізуін дұрыс шешім деп санаймын. Дәл осы Конституцияға түзетулерге жалпыхалықтық дауыс беру барлық қазақстандықты мемлекеттің жаңару процесіне тартуға мүмкіндік береді. Қоғамдық пікірді ешқандай мемлекеттік аппарат та, қандай да бір саяси шешімдер мен экономикалық тетіктер де алмастыра алмайды. Референдум еліміздің барлық аумағында өтеді, шараға қатысу еркін сипатқа ие. Оған қатысатын қазақстандықтар 18 жастан жоғары болуы тиіс. Бұл Қазақстан жастары үшін өзінің азаматтық ұстанымы мен патриотизмін көрсету үшін керемет мотивация деп ойлаймын. Бүгінде жастар республика халқының 29%-ын құрайды. Қазақстанның болашағы еліміздің стратегиялық ресурсы саналатын жастармен тікелей байланысты. Бұл жай ғана сөз емес. Мемлекет тарапынан жастарға үлкен көңіл бөлінеді. Олар үшін дамыту мен қолдау бойынша көптеген бағдарлама әзірленген. Жастар саясатына қатысты салалық және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру аясында оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне белсенді түрде тарту үшін барлық жағдай жасалған. Жастармен жұмыстың принципиальды жаңа түрлері енгізілген. Сондай-ақ қатарынан ілгері, перспективасы мол, мақсаты анық жас адамдар үшін жан-жақты ашық та айқын әлеуметтік лифтіні қамтамасыз ету қажет. Жастар мен жастар саясатымен айналысатын атқарушы билік институттары арасында жүйелі түрде диалог өткізіп, байланысты дұрыс орната білу анағұрлым маңызды. Неғұрлым көптеген жасты ел басқару тетігіне көбірек араластыру Қазақстанды модернизациялауға мүмкіндік бермек. Қазақстандықтардың жеке және қоғамдық құндылықтарын қайта түрлендіру – заманауи міндет. Президент айтқандай, біз тамыр-таныстыққа, қамқорлыққа, жемқорлыққа және компрадорлыққа табанды түрде тосқауыл қоятын боламыз. Жаңа Қазақстан әділет мекеніне айналуы тиіс. Ол үшін тек заңды бұлжытпай орындап қана емес, оның салтанат құрғанына қолдау таныта білуіміз керек. Конституциялық реформа бойынша республикалық референдум өткізудің бірқатар жақсы жағы да бар. Жаңа Қазақстанда мемлекет өміріндегі маңызды шешімдер тек қоғамның кеңінен қатысуымен және қолдауымен қабылданады деп санаймыз. Болашаққа үмітпен және сеніммен қараймыз. Жаңа форматтағы Қазақстанды бәріміз тек тізе қоса отырып құра аламыз.