17 мамырға арналған ауа райы болжамы
17 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: paryz.kz
250
оқылды
Бүгін Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Найзағай, жаңбыр күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігі мен шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі сақталады, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында – дауыл, бұршақ, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында – шаңды дауыл, солтүстікте тұман болуы мүмкін. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Желдің күші 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-батысында, Атырау облысының солтүстігінде найзағай ойнап, 15-20 м/с екпінде жел тұрады. Маңғыстау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл, батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жел 15 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с артады. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман болады. Павлодар облысының солтүстік-батысында күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Өңірдің солтүстігінде, батысында 15-20 м/с күшпен жел тұрады. Күндіз Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі, облыстың батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының күндіз таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Желдің екпіні 15-20 м/с артады.