Кеше Каспийде шомылуға барып, суға батып кеткен үш жігіттің мәйіті табылды, – деп жазады Lada.kz. Суға батып, көз жұмған жігіттің бірі қайғылы оқиғадан бір күн бұрын, 15 мамыр күні үйленген. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, суға батып кеткен екі қарағандылық Ақтауға досының үйлену тойына келген. 16 мамырда үшеуі Каспийге шомылып, суға батып кетті.
«Теңізге түскен екі жігіттің суға батып бара жатқанын көрген екі ер адам оларды құтқармақ болған. Досын құтқарамын деген 26 жастағы Бейнеу қаласының тұрғынын су жағасындағы куәгерлер құтқарып қалған», – деді Бекболат Әбдіқадыров.Суға батып кеткендердің денесін алып шығу үшін сүңгуірлер Каспий теңізінде үш метрге дейін тереңдеп жүзуіне тура келді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, үш адамның денесі судан шығарылды. Айта кетейік, 2022 жылғы 16 мамыр күні сағат 17:32-де Ақтау қаласында, Каспий теңізінің жағалауында 4 А шағын ауданында ТЖД күшімен жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған жерде суға шомылып, суға батқан 3 азаматты іздестіру жұмыстары жүргізілді (1999 жылы туған Ақтау қаласының тұрғыны, 1999 жылы туған Қарағанды қаласының екі тұрғыны). https://youtu.be/nD57ziGiesg Оқиға орнына ТЖД (21 қызметкер және 5 бірлік техника), ПД (8 қызметкер және 4 бірлік техника) және АМО (3 қызметкер және 1 бірлік техника) қызметкерлері жұмылдырылды. Жағалаудан ішімдіктің құтысы табылған.