Ақтауда Бекзад Нұрдәулетов, Мейірім Нұрсұлтановтар шаршы алаңға шығады

Ақтауда Бекзад Нұрдәулетов, Мейірім Нұрсұлтановтар шаршы алаңға шығады 1

11 маусым күні Ақтауда Adal Promotions промоутерлік компаниясының кәсіпқой бокс кеші өтеді. Онда қазақстандық бірқатар танымал боксшылар шаршы алаңға шығады.

Промоушен Instagram парақшасында хабарлағандай, аталған кеште әуесқойлар арасында әлем чемпионы, жартылай ауыр салмақта WBO Youth титулының иегері Бекзад Нұрдәулетов (4-0, 2 КО), орта салмақта WBO International белбеуінің иегері Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО), екінші жартылай жеңіл салмақта бақ сынайтын Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО) және өзге де боксшылар өнер көрсетеді. Қазақ боксшыларының қарсыластары кім болатыны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, аталған спортшылар 5 ақпанда Ақтаудағы бокс кешінде шаршы алаңға шығып, мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.