Сарапшылар «Стелс-омикрон» штамы Қазақстанның барлық аймақтарында таралуы мүмкін деп болжап отыр. «Стелс-омикрон» штамы «Дельта» штамын жұқтырғанға қарағанда жеңіл өтеді. Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты. Маманның айтуынша, «Стелс-омикрон» штамы «Омикронның» біраз өзгеріске ұшыраған түрі. Сондықтан да оның белгілері Омикронмен бірдей. Еске сала кетейік, елімізде Омикронның таралуы қаңтар айында анықталған болатын. «Егер бүгінге дейін анықталған Дельта және Альфа штамдарымен салыстыратын болсақ, Стелс-омикрон онша ауыр емес, оның агрессивтілігі төмен», – деп түсіндірді Манар Смағұл. Жаңа штамның симптомдары респираторлық инфекциялардың белгілерімен бірдей:
- иіс сезуді жоғалту;
- жөтел;
- тұмау;
- дене қызуының жоғарлауы.