Доллар бағамы 2,92 теңгеге қымбаттады

Доллар бағамы 2,92 теңгеге қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,92 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 432,79 теңге. Ұлттық банктің 17 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 429,57 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 433,51 теңге, сатып алу – 437,68 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 433,14 теңгеден болса, сатып алу құны – 436,26 теңге.