Әр үш қазақстандықтың екеуі референдумға қатысуға дайын – Еркін Тұқымов
Әр үш қазақстандықтың екеуі референдумға қатысуға дайын – Еркін Тұқымов
241
оқылды
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов ОКҚ брифингінде қазақстандықтардың алдағы референдумға қатысуға деген көзқарасы жайлы әлеуметтік сауалнаманың қорытындыларын жариялады. ҚСЗИ-дің кезекті сараптамалық алаңы референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының жұмысы аясында өтті.
«Үш аптадан аз уақыттан кейін 27 жылда алғаш рет жалпыұлттық референдум өтеді. Біз Ата заңымызға енгізілетін маңызды түзетулерге қатысты дауыс беруіміз керек. Сондықтан мемлекет басшысы референдум туралы жариялағаннан кейін бірден ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ 9-12 мамыр аралығында телефон арқылы «Қазақстандықтардың конституциялық реформалар мен референдумға көзқарастары» сауалнамасын жүргізді» – деп түсіндірді Еркін Тұқымов.
Әлеуметтанулық сауалнамаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және 17 облыстан 1200 респондент қатысқан. Нәтижесінде, қазақстандықтардың 76,4%-і Президент Қ.К.Тоқаевтың конституциялық реформалар бойынша жалпы республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдайтыны белгілі болды. 70%-і 2022 жылы 5 маусым күні жалпы республикалық референдум өткізілетіндігінен хабардар, ал 18 жастан асқан қазақстандықтардың 66,4%-і оған қатысуға ниетті екенін айтқан.