12 өңірде ескерту жарияланды
12 өңірде ескерту жарияланды
© stan.kz
97
оқылды
18 мамырда Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды  «Қазгидромет» РМК. Күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің екпіні – 15-20 м/с. Көкшетау қаласында найзағай күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанай облысының түнде оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстік-шығысында күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің екпіні 23 м/с-қа жетеді. Қостанай қаласында күн күркірейді. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында өрт қауіптілігінің жоғары дәрежесі күтіледі. Павлодар облысында таңертең және күндіз күн күркірейді, бұршақ жауады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында күндіз найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күн күркіреп, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында күн күркірейді. Жезқазған қаласында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай ойнайды, бұршақ жуады, дауыл болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Орал қаласында күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с. Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ақтөбе қаласында күндіз күн күркірейді. Атырау облысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, шығысында және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Күндіз Қызылорда облысының орталығын шаңды дауыл басады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде желдің екпіні – 15-20 м/с. Алматы облысының таулы аудандарында күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні – 15-20 м/с. Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай ойнайды, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарда желдің екпіні – 15-20 м/с. Түркістан қаласында таңертең және күндіз күн күркіреп, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Шымкент қаласында таңертең және күндіз күн күркіреп, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.