Қаскелеңде заңсыз көкпар ұйымдастырғандар ұсталды
Қаскелеңде заңсыз көкпар ұйымдастырғандар ұсталды
Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында заңсыз көкпар ұйымдастырғандар ұсталды. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көкпарды 66 жастағы Қаскелең тұрғыны жиенінің туған күніне орай ұйымдастырған. Көкпар Қаскелеңнің шет жағындағы алаңдардың бірінде басталған. Кейін қатысушылар қала көшелеріне шығып кеткен.
«Ұсталған адамдар әкімшілік жауапкершілікке, яғни, ұсақ бұзақылық және көліктерге кедергі келтіру бойынша жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, полиция көкпардың өзге де қатысушыларын іздестіріп жатыр. Оның ішінде 34 жастағы тұрғынның көлігін бүлдірген адам да бар»,- делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз хабарламасында.