Лебіздер легі
Лебіздер легі
177
оқылды
Қазақстан Президентінің туған күніне байланысты шет мемлекеттердің бас­шыларынан, парламент төрағаларынан, Үкімет басшыларынан және шетел­дік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дип­ло­матиялық миссиялардың, коммерциялық мекемелердің жетекшілерінен, шы­ғармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен құттықтаулар келіп жа­тыр. Атап айтқанда, Ресей Президенті Вла­димир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Түр­кия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Бе­­ларусь Президенті Александр Лука­шен­ко, Қырғыз Республикасының Пре­зи­ден­ті Садыр Жапаров, Түрікменстан Ха­лық Мәс­лихатының төрағасы Гурбангулы Бер­дімұ­ха­медов, Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль, Ресей Үкіметінің тө­рағасы Михаил Мишустин, Ресей Фе­дерал­ды Жи­налысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко, Ресей Фе­дерациясы Мемлекеттік Думасының төра­ғасы Вячеслав Володин, Еуразиялық эко­номикалық ко­мис­сия алқасының төра­ғасы Михаил Мяс­ни­кович, Түркі мем­ле­кет­тер ұйымының Бас хат­шысы Бағдат Әміреев, ТМД Атқару ко­ми­тетінің төра­ға­сы – Атқарушы хатшысы Сер­гей Лебедев, ТМД-ға мүше мемле­кет­тердің Парламен­тара­лық Ассамблеясы кеңе­сінің Бас хат­шы­сы Дмитрий Кобицкий, Ұжым­дық қауіп­сіздік шарт ұйымының Бас хат­шысы Ста­нислав Зась және басқалар құт­тықтау жеделхаттарын жолдады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев­ты туған күнімен Өзбекстан Прези­денті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан Пре­зиденті Сердар Бердімұхамедов, Тәжік­стан Президенті Эмомали Рахмон жә­не Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев телефон арқылы құттықтады. Құттықтаулар әлі де келіп жатыр.