Әрбір азаматтың белсенділігі маңызды

азамат

Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Жұмағазиев Ақтөбе қаласының тұрғындарымен және ауыл шаруашылығы колледжінің студенттерімен кездесті. Ол сондай-ақ облыстың Әйтеке би және Хромтау аудандарын да аралады.

Президенттің Конституциялық реформалары мен Қазақстанның саяси-құқықтық дамуы кездесулердің басты тақырыбы болды. Сенатор Қазақстанның дамуына жаңа серпін беретін референдумның мақсаты мен елімізде жүргізіліп жатқан өзгерістер туралы жан-жақты айтып берді.

«Референдум – Қазақстан халқына тамаша мүмкіндік болып отыр. Ол біздің елімізге болашақта көптеген оң өзгерістер әкеледі деп сенемін, сондықтан Конституцияға өзгерістер енгізу кезінде әрбір азаматтың белсенділігі маңызды рөл атқарады», – деді Мұхтар Жұмағазиев.

Ақтөбеліктер сенатордың референдумға белсенді қатысу туралы үндеуіне қолдау білдіре отырып, осы мүмкіндікті сәтті пайдаланатындарын және Жаңа Қазақстанды құруға бірлесіп қатысуға дайын екенін жеткізді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.