Лос-Анджелесте жүлде алды
Лос-Анджелесте жүлде алды
182
оқылды
Кинорежиссер Әділхан Ержанов түсірген «Штурм» фильмі LA Asian Pacific Film Festival кинофестивалінде Гран-при жүлдесіне ие болды. Фильмдегі оқиға Қаратас ауы­лын­дағы мектепте өрбиді. Білім ордасын басып алған белгісіз біреулер оқушыларды тұтқынға алып, оларды босату үшін ешқандай талап қоймайды. Қаладан көмекке шыққан құтқарушылар алай-дүлей соққан ызғарлы бораннан жете алмаған­дықтан, мектеп ұстазы Тазшы ата-аналардың басын қосып, балаларды босатуға бел буады. Фильмдегі басты рөлдерді Азамат Нығманов, Александра Ревенко, Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Нұрлан Батыров, Теоман Хос, Еркен Губашев және Ерден Телемісов сомдайды. Естеріңізге сала кетсек, сәуір айында аталған фильм Францияда өткен Festival international du Film Policier Reims Polar кинофестивалінде Гран-при және сыншылардың жүлдесімен марапатталған болатын.

Әбілмансұр ЖАСАН