Щучинск қаласында өртенген базардан ер адамның мәйіті табылды – видео
Щучинск қаласында өртенген базардан ер адамның мәйіті табылды – видео
257
оқылды
Щучинск қаласында 100-ге жуық өрт сөндіруші өртенген базарды сөндірді. Бүгін, 18 мамырда сағат 04-50-де Ақмола облысы, Бурабай ауданының Щучинск қаласында "Жомарт" базарының бір қабатты жеке тұрған ғимараты өртеніп кетті. Өртті сөндіруге 97 өрт сөндіруші жіберілді, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.   https://youtu.be/eAJsUadeQjE Өрттің жалпы аумағы 1700 шаршы метрді шарпыған. Ал ғимараттың жалпы ауданы – 3000 шаршы метрді 45 минут ішінде өрт сөндірушілер өртті оқшаулап, жалынның таралуына жол бермеді. Осылайша екі сағат ішінде өртті толығымен сөндірді.   https://youtu.be/RuBX3AN8T28 Думан Қайратұлы – Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Өрт сөндіру барысында ер адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол базардың күзетшісі болуы мүмкін. Қазіргі таңда анықтау жұмыстары жүргізілуде. Өрт орнында өрт-техникалық зертханасы, полицейлер жұмыс істеуде. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖД 97 қызметкері мен 25 техника, жергілікті атқарушы органдардың үш қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылды.