Ішкі істер министрлігінде облыстық және астананың полиция басқармасының лауазымды қызметкерлері тағайындалды, – деп жазады Polisia.kz. Министр үміткерлердің әрқайсысымен сөйлесе отырып, ІІМ-нің нақты талаптарын, қызметкерлердің негізгі міндеттерін еске салды. Сондай-ақ әріптестерінің антқа адал болып, нәтижелі жұмыс көрсететініне сенім білдірді. Ішкі істер министрінің бұйрығымен: – Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан; – Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет; – Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Есіл» аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов; – Нұр-Сұлтан қаласы ПД “Байқоңыр” ауданының полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды. https://youtu.be/c3iRVvfXZII Айта кетейік, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы Ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізілді.