«Қазақ бандасы» соғысқа бара жатыр

«Қазақ бандасы» соғысқа бара жатыр

Әлеуметтік желіде өздерін «қазақ бандасымыз» деп таныстырған, түрлері қазақтарға ұқсайтын азаматтардың бейнежазбасы тарады. Видеоны журналист Гүлнұр Баженова Telegram-арнасындағы парақшасында жариялады. Бірер секундтық түсірілімнен соғысқа бара жатқан топтың бірі «қазақ бандасы» деп айтқанын көруге болады. Дегенмен, жігіттердің бірінің бас киімінде Ресейдің туы тұр. Ал видеоның Ресейде немесе Украинада түсірілгені беймәлім. «Қазақ бандасы соғысқа бара жатыр. Ресейдегі қазақ бандасы болар?! Қазақстандықтар ашықтан ашық бұлай бармас еді, оларды елде түрме күтіп тұрар еді», – деп жазды журналист Гүлнар Баженова. Айта кетсек, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әскери жағдайларға қатысқандарға қылмыстық жауапкершілік қаралады.