Алдағы екі-үш күнде бұршақ жауып, дауыл соғады
Алдағы екі-үш күнде бұршақ жауып, дауыл соғады
Фото: mail.kz
Синоптиктердің болжамынша, екі-үш күнде күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауады. «Қазгидрометтің» болжамынша, 19-21 мамыр аралығында дауыл соғады. Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысында Солтүстік-батыс циклоны, оңтүстік өңірлерге Оңтүстік циклоны ауа райына ықпал етеді. Сондықтан еліміздің барлық аумағында жаңбыр жауады. 19-21 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 20-21 мамыр батыста, солтүстік-батыста толассыз жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.