Ажар Ғиният Алматыда дәрігерді аңдып жүріп атып өлтірген емделушіге қатысты пікір білдірді
Ажар Ғиният Алматыда дәрігерді аңдып жүріп атып өлтірген емделушіге қатысты пікір білдірді
Фото: kazlenta.kz
133
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматыда оқ тиіп көз жұмған дәрігер Юрий Шумков пен емделуші арасында жанжал болмағанын айтты, – деп жазады inform.kz. «Пациент ішек-қарын жолын зерттеуге қатысты процедураны жасатқысы келген. Ішектің тарылуы салдарынан бірінші процедура сәтсіз шығып, дәрігер оны қайтадан өтуге кеңес берген. Дәрігер Юрий Шумковтың әріптестері пациентпен қандай да бір жанжалдың болмағанын айтады. Сондықтан да тергеу нәтижесін күтейік», – деді Ажар Ғиният. Бұған дейін Алматыда дәрігерді атып өлтірген күдіктінің анасы ақиқатты айтқан еді.