Жамбылда әйел түрмедегі ер адаммен кездесу үшін неке қию туралы куәлік жасатқан
Жамбылда әйел түрмедегі ер адаммен кездесу үшін неке қию туралы куәлік жасатқан
Фото: polisia.kz
1,482
оқылды
Әйел жалған құжатпен түрмеге кірмек болған, – деп жазады Polisia.kz. Полицейлер жалған құжат жасатқан 48 жастағы әйелді ұстады. Тергеуде күдікті әйелдің абақтыда отырған ер адаммен кездесу үшін неке қию туралы куәлікті қолдан жасап, өзін әйелі ретінде таныстырғаны анықталды. Аталған дерекке қатысты ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін түрмедегі жасырын камерасы бар көзілдірікті сәлемдеме ретінде жолданғанын жазған болатынбыз.