12 өңірде коронавирустың «стелс-омикрон» түрі анықталды

12 өңірде коронавирустың «стелс-омикрон» түрі анықталды

Еліміздің 12 өңірінде коронавирус инфекциясының «стелс-омикрон» түрі анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, – деп хабарлады baribar.kz.

"12 өңірде коронавирус инфекциясының «омикрон» түрінің бірі анықталды. Бұл – «стелс-омикрон». Коронавирус инфекциясының бұл түрі «Дельта» вирусына қарағанда жеңіл өтеді. Бірақ жылдам таралуымен қауіпті әрі қайтадан ауруға алып келеді. Сонымен қатар оның бүкіл елімізде тарала бастағанын көріп отырмыз", – деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министр вирустың тарауына мониторинг күнделікті жүргізіліп жатқанын айтты.
"Симптоммен жүгінген пациенттер толық көлемде ем алады. Сырқаттанушылықтың мұндай ағымы кезінде қандай да бір карантин іс-шараларын енгізбейміз. Сондықтан барлық карантин іс-шаралары алынып тасталды. Қазіргі уақытта негізінен тұрғындар арасында алдын алу жұмыстары жүріп жатыр", – деді Ажар Ғиният.