Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып сайланды
Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып сайланды
© ratel.kz
195
оқылды
Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болды. Мұны ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан гольф федерациясының бас хатшысы Ербол Бұхарбаевтың хабарына қарағанда, федерация төралқасы отырысының шешімімен Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып сайланды.
Бұған дейін бұл қызметті Нұртай Абықаев атқарған еді. Ол федерацияның құрметті президенті болды.
Иманғали Тасмағамбетов 2019 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен зейнет жасына толуына байланысты босатылды. Оның алдында қорғаныс министрі, астана әкімі, Алматы әкімі болды. 2002 жылы премьер-министр, 2003 жылы мемлекеттік хатшы болып қызмет атқарды.